23.03.2024
  31


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Бота

Ойнап жүрiп ауылдан
Көрдiм бiрде ботаны.
Жiбек шуда жамылған
Түлiк екен жоталы.
Боз даланың арайлы
Секiлдi өзi еркесi.
Кiсiге паң қарайды
Дiрiлдеп қос өркешi.
Тұрсам оған сүйсiнiп
,
Тұлғасына қайран қап
,
Қуанды ма түсiнiп,
Билеп кеттi тайраңдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу