Эсселер ✍️

  18.03.2024
  53


Автор: Кітапханашы күні

Игі істердің жаршысы


Мәдени іс-шаралар болса, атаулы мерекелер болса, ақын-жазушылардың авторлық шығармашылық кештері болсын бәрінде де Кітапханашылар атсалысып жүреді. Оларды мен "Игі істердің жаршысы" дер едім. Расыменде Кітапханашылардың жасап жатқан істері қалың оқырманға жетеді. Әсіресе өсіп келе жатқан дас буын өкілдеріне жол көрсетіп, өмір жолдарына рухани азық береді.
Жақында ғана ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша арнайы бекітілген 24 қазан Кітапханашылар күні өте орынды қойылған деп білемін. Жоспарлы түрде жұмыс жасайтын Кітапханашылардың өткізіп жатқан іс-шаралары әрбір жүректің төрінен орын алады деп ойлаймын. Кітаптар әлемінде өзіндік бір ерекше әлем құрап алған Кітапханашылар ақындар мен жасушалардың жаңа кітаптары шықса оларға таныстырылым жасап, шығармашылық жолдарын жіпке тізгендей оқырмандарға жеткізеді. Олармен шығармашылық кездесулер, әдеби кештер ұйымдастырады.
Бір іс-шара болса ол іш-шара өткенше тыным таппай жұмыс жасайтын Кітапханашылардың еңбектері расында да орасан деп білемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу