18.03.2024
  36


Автор: Кітапханашы күні

Олардың зор еңбегі

Кітапханашылар" деп жай сөздермен айтылса да Кітапханашылардың әдебиет пен мәдениетке қосып жатқан үлестері зор деп айтар едім. Олар әрбір ақындар мен жазушылардың еңбектерін қалың оқырмандарға жеткізетін алтын өткел дер едім. Оқырмандар мен жазушы ақындардың еңбектерін әсіресе өскелең ұрпақтарға жеткізіп жүретін Кітапханашы апайлар расында да бір іс-шара болатын болса кірпік ілмей жұмыс жасайды. Ал атаулы мерекелер мен мейрамдарда өткізетін іс-шаралары тіптен керемет. Алдын ала үлкен дайындық жасап, мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қадағалайды. Іс-шара толықтай бітпейінше аяқтарынан тік тұрып қызмет етеді.
Қызығы мен шыжығы көп бұл Кітапхана жұмыстары көзге көрінбейтін үлкен жұмыстарды қамтиды. Сондықтан әрбіріміз Кітапхана қызметерлерінің жұмыстарын бағалап, оларға құрмет көрсетіп, ілтипат білдіруіміз керек. Кітапханашылардың жұмыстарына жайлы жағдай жасалатын болса біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміз жарқырап, жандана түсер еді. Сондықтан әрбір Кітапханашыларды құрметтеп, еңбектерін бағалап, сыйлап, оларға алғысымызды айтатын болсақ олардың өз жұмыстарына деген сүйіспеншіліктері мен құлшыныстары арта түсер еді. Оларға құрмет көрсету әрбірімізге парыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу