18.03.2024
  35


Автор: Кітапханашы күні

Кітапханашылар күні 24 қазан

Жақында ғана ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша бекітілген 24 қазан Кітапханашылар күні бүгінде кең көлемде аталып өтілуде. Кітапханашылардың жасап жатқан іс-шаралары, ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырып үлкен сахналарда шығармашылық кеш өткізуіне атсвлысулары бұл үлкен еңбек деп білеміз. Алысқа бармай- ақ, өзім көріп, біліп жүрген кітапханаларда бір ай, бір жарым айдың жоспарлары құрылып қояды екен. Яғни, болатын іс-шараларының жоспарлары мен болатын уақыты алдын ала бекітіледі. Ақын-жазушылармен кездесу болсын, түрлі мейрамдар болсын кітапханашылар аяқтарынан тік тұрып қызмет етеді екен. Расыменде Кітапханашылардың қызметтері көзге көрінбегенмен олардың ішкі, ұжымдастар арасындағы өмірлері іш-шараға толы қайнаған өмір дермісің. Сол қойылған іс-шаралары өткенше тыным таппай қызмет етеді. Кейде, олардың жасап жатқан істеріне сырттай қызығып, тәнті боламын!
24 қазан Кітапханашылар күні деп бекітілгені өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Біз Кітапханашылардың қызметтерін бағалауымыз керек. Олар расында да жоғары құрмет пен сыйға лайықты жандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу