14.03.2024
  35


Автор: Рамазан айы

Сұрақ: Тарауық намазын сегіз ракағат етіп оқуға бола ма?

Жауап: Кейбір ғалымдар сахабалардың және фақиһтардың бірауыздан келіскен мәселесіне қайшы келіп, тарауықты сегіз ракағат етіп оқуына болады дейді. Одан артығырақ етіп оқуды бидғат санайды. Оған дәлел ретінде Айша анамыздан жеткен: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазанда және одан басқа айларда он бір ракағат асырмаушы еді. Әуелі төрт ракағат оқитын.  Оның ұзақтығы мен көркемдігін айтып жеткізу қиын. Кейін тағы төрт ракағат оқитын. Оның да ұзақтығы мен көркемдігін айтып жеткізу қиын. Сосын үш ракағат оқитын. Мен одан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Сіз үтір намазынан бұрын ұйықтайсыз ба?» – деп сұрадым. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Айша! Менің екі көзім ұйықтағанымен жүрегім ұйықтамайды», – деп жауап берді»[20] деген риуаятты алға тартады.   


Бұл хадис тарауықты сегіз рәкағаттан көбірек оқуға болмайды дегенге дәлел болмайды. Өйткені бұл тәһәжжуд намазына қатысты айтылған[21]. Оған қоса тарауық намазы Рамазаннан тыс басқа айларда оқылмайды.


Сол үшін тарауық намазы жиырма ракағат етіп оқылады. Бұл – көпшілік ғалымдардың көзқарасы[22] әрі тура жолға бастаушы (Омар, Осман және Әли) халифалардың сүннеті[23].


Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менен кейін өмір сүргендер көптеген келіспеушіліктерге куә болады. Сендер менің сүннетіме және әділ де тура жолға бастаушы халифаларымның (алғашқы 4 халифа) сүннетінен мықтап ұстаныңдар. Оларға азу тістеріңмен жармасыңдар» [24], – деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу