Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  23


Автор: Жібек Ысқақова

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ!

Келіп жеткен халайық,
Құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа жылда жалындап,
Шыға берсін жаңа үн!
Жанды жейтін жегідей,
Қиындықтар болмасын!
Жақсылықтар әрдайым,
Таба берсін жалғасын!
Әрбір үйде ынтымақ,
Бірлік, шаттық орнасын!
Отбасында береке,
Мейрім гүлі солмасын!
Жаңа жылда табысың,
Кеңейтсін кең арнасын!
Саулықтарың мықты боп,
Қанаттарың талмасын!
Әрбір ісің сәтті боп,
Жаратқаным оңдасын!
Аман болып еліміз,
Тек тыныштық орнасын!
Қыран құстай жастарым,
Биікке өрлеп самғасын!
 Үлкен, кіші, бәрі де,
Болсын лайым тек аман!
Күлім қағып халқымыз,
Болсын дәйім ел аман!
Бақытты боп балалар,
Бақытсыздық жоламан!
Жаңа жылда жарқырап,
Күліп жүрсін бар адам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ерлан
Ерлан 07.02.2024 09:30
Ррпеакн

Пікір жазу