Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  333


Автор: Жібек Ысқақова

ӘППАҚ АНАМ, ЖАН АНАМ АЛТЫН АНАМ

Әппақ анам жан анам, алтын анам,
Жұлдыздайын аспанда жарқыраған.
Жүзі жылы, ақ жарқын мейірімді,
Түсінетін әр сөздің парқын анам.
Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Сөз айтатын шынайы бізге еппенен.
Шыншыл бол деп, қашанда көпшіл бол деп,
Алтын анам үн қатар жүрекпенен.
Әппақ сүтің дем беріп жанымызға,
Сәтті атуда бүгінде таңымыз да.
Қуанамыз шүкір деп, тәубе етіп,
Қасымызда Анашым барыңызға.
Әлдиіңмен өсірдің алақанда,
Әр күніңе шүкір қып Жаратқанға.
Ішпесең де өзің ас, бізге бердің,
Қарлығаштай қамқор боп балапанға.
Асыл анам, Анашым біздер үшін,
Тау қопарар білемін сенің күшін.
Балаларым, шырағым, құлыным деп,
Әрбір істің жасайсын көңілдісін.
Біздер үшін көрдіңіз пейнетті көп,
Нәсіп етсін Жаратқан зенейтті көп.
Ұлым дедің, қызым деп алаңдадың,
Таңдарыңды атырып ұйқысы жоқ.
 Болды Анашым, енді сіз алаң болмай,
Өмір сүрші күндерді күнге жалғай.
Жағдайыңды жасайды балаларың,
Сыйлап сізге Анашым күнді балдай.
Бүгін міне алпысқа адымдадың,
Сәтті болсын Анашым адымдарың!
Ғұмырыңыз ұзақ боп, жүз жасаңыз,
Жымың қағып, жарқырап бағыңда күн!
Немерелер қуантсын жаның жайнап
Шөбере көр Анашым, бұлбұл сайрап.
Ағайындар, туыстар, бауырлардың,
Ортасында жүріңіз күліп-ойнап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

08.03.2024 04:16
жібек жарайсың шабытың өрге жүзсін
Жарқынқызы Жаннұр
Күрделі бірақ күшті әсер етеді
Амина
Амина 11.02.2024 22:48
Өте жақсы өлен екне

Пікір жазу