Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  41


Автор: Жібек Ысқақова

НЕ ПАЙДА?!

Жақсылықтан не пайда?!
Жамандық көп заманда.
Сыйластықты жөн көрмей,
Мұң сыйласа адамға.
Әкелерден не пайда?!
Қарамаса балаға.
Безбүйрек кей аналар,
Тастаса ұлын далаға.
Шын достықтан не пайда?!
Күлкі етсе жаманға.
Бауырмыз деп көз бояп,
Барса арсыз қадамға!
 Ағайыннан не пайда?!
Тұзын сепсе жараға.
Ұрыстырса абысын,
Іріткі сап араға.
Балалардан не пайда?!
Мейірімсіз анаға.
Ауылынан бас тартып,
Көшсе бәрі қалаға.
Шыншылдықтан не пайда?!
Алдамшы бұл қоғамда.
Өтірікті шын етіп,
Пайда көрер одан да.
Айтқанымнан не пайда?!
Естір құлақ болмаса.
Сөзім қалар еленбей,
Болып бәрі далбаса...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Шынболат
Шынболат 24.02.2024 10:23
Не пайда өлеңіне қарап, Жібек, неге соншалықты жаман Әке,Ана,Ағайындар-Туыстар. Меніңше, Әке,Ана,Ағайындар,Туыстар жаман емес ,оларсыз күн күн емес. Қысқасы ,жылаңқы өлеңдер.

Пікір жазу