09.01.2024
  58


Автор: Қайрат Әбдірахман

Қазақша сөйле, қазағым!

Тіл - әрбір мемлекеттің басты тірегі.  «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» , - деп қазақтың дарасы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әрбір азаматтың өз ана тілінде сөйлеуге талпынғаны жөн.  Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - тіл мәртебесінің мәселесі. Қоғамда орысша сөйлеп, ана тілін ұмытып бара жатқандардың қарасы қаншама… Осы орайда, мен Алматы қаласында орналасқан «Alem» оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығындағы «Журналистика» үйірмесінің жетекшісі Назкен Жансерікқызы берген үй жұмысы , яғни, “сауал қою шеберлігі” тақырыбы бойынша сюжет дайындауым қажет болды.


Менің отбасымда тілге деген құрмет ерекше. Атам ақын, журналист Қайрат Әлімбек былай жырлаған:


Көңілімнің ғажап күні,
Ойдың еркін азаттығы,
Өмірімнің ләззат, мұңы.
Бәрі сенсің - Қазақ тілі!

Жанам әлі жау күйікте,
Біле алмадық құрметтей…
Ту тігілген зау биікке,
Келеді әлі тілім жетпей.

Есте болсын кемел, шебер,
Ағалардың әз ұраны:
«Елді сөзі жоғалға егер,
Жоғалады өзі дағы»

Тәуелсіздік арға лайық,
Ата жолын, елін қоштар.
Тілді тудай қолға алайық,
Жалын жастар, қарындастар!

 


- ақын, журналист, ҚР жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Жастар сыйлығының лауреаты Қайрат Әлімбектің «Қазақ тілі» өлеңі.


Иә, атам айтқандай, тілді тудай қолға алу қажет. Мен де бұл мәселеге бей - жай қарамай, Алматының орталығына барып, тұрғындарға тіл мәртебесі жайлы сауал қойдым. Бірі қаша жөнелсе, бірі өз ойларын ашық білдірді. Қуантқан бір жауап шырайлы Шымкент қаласынан келген бір апайдың жауабы болды. Ол кісі ана тілін жақсы көретіндігін, балаларының қайда жүрсе де , қазақша сөйлейтіндігін айтып, жастардың орысша сөйлеп жүргендігі оны алаңдататындығын алға басты. Иә, шынында қоғамда “привет, пока”,- деп сайрап жүргендердің қарасы аз емес. Бірақ, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі екендігін ұмытпаған жөн. Бір кереметі - ол біздің ана тіліміз!  Әрбіріміз қазақша сөйлеп, өз ортамызда басқаларды да қазақша сөйлеуге шақыруымыз қажет. Қазақша сөйлеу ұят емес! Құрметті оқырман, дәл осы менің сұқбатымды төмендегі сілтемеге өтіп, көре аласыздар! Қазақша сөйле, қазағым!



Авторы: Қайрат Әбдірахман Дәулеткелдіұлы - Алматы қаласы, Наурызбай ауданы , №174 мектеп-гимназияның президенті, Алматы қаласындағы "Alem" оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы "Журналистика" үйірмесінің білім алушысы.

 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу