Өлеңдер ✍️

  18.12.2023
  527


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Алғысым саған.

Қайғырған кезде...Жанымды қояр жай таппай,


Өмірдің қиың сынағына төзе алмай,


Мыңдаған адам сенбеген кезде сен ғана,


Құтқарған мені көтерген мені көп қолдай.


Жанымда жүрсең айтарым саған жоқ екен,


Жанымнан кетсең жырларым саған көп жеткен.


Жалғанда мынау өзіңнен артық еш адам,


Мені осылай қанаттандырып көрмеген,


Сындырды талай сынады талай пенделер.


Өмірдің мәнін жоғалтқан кезде сенбеген.


Түңілген менен түнерген маған көптеген,


Тек өзің қалқам өзіңе ғана мен сенем,


Қалған өмірде жазылмас барлық дастаным.


Бұл өмір сондай барлық күндерім қас-қағым,


Көңілімдегі көрікті ой саған жете алмай,


Сен үшін міне жаңа өмір менде бастадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу