09.12.2023
  118


Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару

Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару


 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның, өнер мен білімге құштар студенттердің ортақ қара шаңырағы. Мұнда білім алған әрбір студент пен магистрант болашақта мықты маман, еліне қызмет етер тұлға болып шығатыны анық. Тұлға болып қалыптасып, өзін толық дамыту үшін психологияны жетік білу маңызды. Осыған байланысты университет қабырғасында «Жалпы психология», «Басқару психолоиясы» сияқты пәндер оқытылады. Кез-келген факультет пен мамандықта тек профильді пәндер ғана емес, әлеуметтік-қоғамдық пәндер жүргізіледі. Мәселен, «Филология» факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығының магистранты ретінде «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасынан психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның басшылығымен «Басқару психологиясы» пәнін меңгерудеміз. Бұл пән біздің мамандық үшін аса қажет. Тұлға ретінде қалыптасып, өз орнын табуда, адам психологиясын түсіну мен ұжымда қарым-қатынас құруда бұл пәнді игеру маңызды. Әр дәріс пен семинардан жалпы адам психологиясын, басқарудағы, ұжымдағы қарым-қатынастардың құрылуын, басшы мен қызметкер арасындағы байланыс пен психологияны үйреніп, талдау жасаудамыз. Болашақ маман ретінде, келешекте ұжымда қызмет жасау кезінде қызметкерлердің, басшы мен қызметкер арасындағы психологияны, қарым-қатынас жасау түрлерін, ұйымдағы рөлді дұрыс орындау үшін осы пәнді игеру маңызды деп есептеймін.


Соның ішінде басқару іс-әрекетіндегі көңіл-күйдің, эмоциялық-еріктіктің ерекше рөл атқаратынын білдік. Басқару іс-әрекетінің психикалық ұйымдастырылуы тек когнитивтік, реттеулік және коммуникативтік процестермен ғана шектелмейді, өзіне эмоциялық, еріктік және мотивациялық процестерді де қоса алады. Эмоциялық және еріктік процестердің өзара байланысы, олардың іс-әрекет барысында адамның өз күйіне бақылау жасауына ықпал етеді. Бұл көңіл - күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі ұғымында көрініс тапқан.


Эмоциялар (лат. emovere - қоздыру, толғану) - құбылыстар мен жағдайларды тікелей бастан кешуден, олардың объективтік қасиеттерінің және субъектінің қажеттіліктерінің қатынасымен үйлесімде туындайтын психикалық бейнелеу формасы. Сезімдермен салыстырғанда, эмоциялар болмысқа бағалаулық, субъективтілік қатынастың әлдеқайда қарапайым формасы болып табылады. Олар саналы және санадан тыс формаларда көрініс табады. Сезімдер жоғары тұрақтылықпен, күрделілігімен ерекшеленеді. Эмоциялар мен сезімдер арасындағы ұқсастық олардың адамның өзіне және қоршаған болмысқа тұлғалық қатынасының екі формасы ретінде болуында. Сезімдер мен эмоциялар екі негізгі: белгі беру және реттеулік функцияларын атқарады, негізгі оң және сол топтарын атап көрсетеді. Біріншілерін - стеникалық (адамның психикалық мүмкіндіктерін күшейтетін), ал екіншілерін - астеникалық (күй мен іс-әрекетке кері ықпал ететін) ретінде белгілейді. Сондай-ақ дәл осы бір затқа оң және теріс қатынастардың сабақтастығымен сипатталатын амбиваленттік (қосарланған) сезімдер мен эмоциялардың ауқымды саласы бар. Эмоциялық процестер белгілі бір кезеңдерден тұрады, олардың біріншілері - эмоциялық кернеудің артуы, сонан соң шешілуі, кернеудің түсу кезеңі келеді. Сезімдер үшін кезеңдік параметр тән емес, өйткені олар қатынастардың тұрақты формалары болып табылады. Интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық және праксикалық (гр. - іс, сабақ) сезімдер атап көрсетіледі


Ұжымдағы эмоционалды икемділік әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, себебі әрбір нәрсеге алаңдаушылық таныта бермей керісінше болған мәселені қабылдап оны саналы түрде тиімді шешуге бағытталудың негізі. Жақсы эмоционалдық икемділік өзін-өзі бағалауға, жеке тұлғаның дамуындағы көптеген ішкі қиындықтарды жеңуге көмектеседі, депрессивті және үрейлі жағдайлардың реттеушісі болып табылады, нәтижесінде айтарлықтай өмірлік өзгерістерге әкеледі. Эмоция мен сезімді ажырата отырып, эмоцияларды тежей отырып қана басқару ісінде оң нәтижеге жетуге, ұжым ішінде қолайлы жағдай орнатуға болады. Бұл ұжымдағы жұмыстың оңтайлы нәтиже беруіне, жұмыстың алға басуына әсер етеді. Эмоциялар тез, әрі көп жағдайда санадан тыс болады. Яғни, басшы өз қызметкерлерін басқаруда эмоцияға ерік бермей, сезімдерге назар аудары қажет.  Сондықтан «Басқару психологиясы» пәнін меңгеру арқылы эмоцияны, көңіл-күйді қалыпта ұстап, басшы ретінде де, қызметкер ретінде де жақсы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Басқару психологиясы - әлеуметтік психология ғылымның бір саласы ретінде, адам психикасының әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы адамдардың қарым-қатынасы кезінде дамып қалыптасуын, басқарудың тиімді жолдарын қарастыратындықтан, бұл пәнді игеру кез-келген маман үшін қажет.


 


Жубаназарова Н.С.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,


психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,


1-курс магистранты Жанарыстанова Н.С.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу