03.12.2023
  466


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Өкініш

                                                                           (Әңгіме)


Далада күн жарқырап жаз болып тұрғанымен,Фариданың өкпесі ауызына тығылғандай дем жетіспей, өн бойы өзгеріске түсіп, жаны жаурап тұр.Қазір ғана сот, сегіз жылға бас бостандығынан айырып, түрмеге қамауға шешім шығарды.Екі қолына кісен салынып, екі салдат сот залынан Фариданы жетектеп шығып кетті.


Есінен айырылып, бүкіл былығы, өмірі көз алдынан тізбектеліп өтіп жатып, түрмеге қалай жетіп қалғанын аңғармады. Салдаттар ішкі есікті ашып, қолындағы кісенді шешіп, ішке қарай Фариданы итеріп жұлқып кіргізіп жіберді де, өздері  есіктің сыртынан жауып кетті.  Үнемі елдің ақшасымен қалтасы қампайып, тек элиталы жерлерде ғана жүретін Фаридаға, мына жер,төрт қабырғамен екі қабатты төрт төсектен басқа ештеме жоқ, қабір сияқты көрінді. Жаңа жұлқып кіргізіп жібергенде, соңғы кезде дұрыстап тойып тамақ жей алмай жүрген әлсіздігінен, қисайып барып жерге отырып қалған болатын.  Сол отырған жерінде жерге тіреліп тұрған қолына қарап, өзінің балалық шағын еске алды. Алты бала өздері есейгенше, осындай едені жоқ цементте өскені, әкесі елдің малын бағып әркімнен таяқ жейтіні, анасы ішімдікке жақын болып, жұпыны жүретіндері, кейін өз бетімен білім алып, әкемді ұрған адамдарды соттаймын деген мақсатта заңгерлікті оқып бітіріп, қызметті заңгердің көмекшісінен бастап,бас пракурорға дейін көтеріліп, адвокат шенін алып, соңғы алты жылдан бері осы жолда жүргендігінің бәрі, бәрі есіне түсіп, өзінің қаншама бейкүнә жандарды жылатып нанын жеп, қаншасын жазықсыздан жазықсыз соттатып жібергеніне ашынып, өз-өзінен жиреніп езіле жылады. Өзекті өртеген өкінішінен жерді тырмалап отырып, қолындағы жасанды тырнақтары алынып, орындары қанап кеткенін де байқамай қалды. Қасына жиналып қалған бөлмедегі әйелдердің бірі,


-Сенде, байқамай адам өлтіріп түстің бе деді, өзініңадам өлтіріп түскендігін білдірген орта бойлы, толықтау келген,  елу-елу бес шамасындағы қара әйел. Бұл камереда, тек адам өлтіргендер ғана жатады екен деп түсінген Фарида, жалбырап жарты бетіне түсіп түрған шашын үпіріп көзін ашып алды да, қара әйелдің бетіне тік қарап тұрып,


-ия, адам өлтірдім! Бір емес бірнеше адам өлтірдім. Жалғыз баламды байлықтың ішінде өсіремін деп,өзімнен әділдік сұрап келген жандардың өзіне әділдікті саттым. Ақшасы жоқтар, жаза арқалап түрмеге тоғытылып, өз бақыттарынан айырылып жатты. Міне, енді сол баламның қызығын көретін кезде, өзім түрмеден бірақ шықтым. Неге, неге тыңдамадым адамдарды?! Ендігі өмірім не болмақ? Құдайдан сұрап алған жалғыз ұлым ше?! Жоқ! Жо-жоқ! Мен бұл жерден шығуым керек деп, орнынан тұрып есікке барып қанша есікті төбелегенімен ешкім есікті ашпады. Қара әйел, сол жайынан қимылдамай,  түрін тыржита Фаридаға қарап,


- Басында ойлануың керек еді. Ия, бәріміз де басында ойлануымыз керек еді. Қолымен істегенімізді, мойнымызбен көтеріп, осында жазамызды өтеп шығамыз енді. Қанша тырысқаныңмен ештеме орнына келмейді. Бұл жерден тірі шығымыз ба, шықпаймыз ба бешкім білмейді.  Мен,өзім абайсызда адам өлтіріп қойып қамалып жатсам да,екі жылдан бері азапты көріп жатырмын деп еді, қасында тұрған жіңішке сары әйел,


-ал маған үш жыл болды.Мен өзімді кінәсізбін демеймін. Мектепте жиырма  жыл жап-жақсы мұғалім болып жүріп, соңғы екі жылында директорлыққа отырамын деп құрыдым. Әрбір жұмысқа кіргендер үшін миллиондап ақша алып отырып, оңбай қалдым.


-Жаңа түскен келінімді  жұмысқа кіргіземін. Қанша болса да аямай беремін. Балалар жұмысқа тұрып өз-өздерімен болып кетсе болды деп, алдын-ала  қол астымдағы бір мұғаліммен сөйлесіп жүрген адамды кабинетімде қабылдап, өзінің сөзіне сүйеніп ауызымды толтырып екі миллионды бірақ айтып, ақшаны санап алып жатқан жерімнен қолыма кісен салынды. Сөйтсем ол кісі кнб-ның адамы болып шықты. Өлетін адам молаға қарай жүгіреді дегеніндей,  дүниеге құнығу да мола екен ғой!Өкінемін амал қанша! Қанша өкірсем де, ештеңе өзгермейді. Туған туыстар, балашағаның бетііне қарауға бет жоқ. Осы жақта өле салсам деп жүрмін дей бергенде, қарама-қарсы тұрған жап-жас жиырма бес-отыздар шамасындағы қыз,


-жоқ әпке. Өлім дегенді айтпаңыз. Біз әлі бұл жерден аман шығып, бақытты күн кешеміз деді де, басын сәл төмен қаратып, өз ісінен ұялғандай имене қарап, -ия, тірі шығамыз. Мен  ешқандай пара алып ешкімді өлтірген жоқпын. Медицина саласы бойынша диплом сатып алып жұмысқа кіріп, әкемнің ақшасының арқасында бір участоктың терапевті болып істеп жүріп,  науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектердің бәрін сатып келгенмін бес жыл бойы. Халық үстімнен шағымданған кезде, әкемнің ақшасы да құтқара алмай қалды. Бір-екі адамнан шағым түссе құтылып кетуім мүмкін еді. Халық көтерілсе әділдік орнайды екен. Өзім жақында ғана тұрмысқа шығып едім Бұл жерге түскеніме де бір жылдан асты. Жолдасым да, тастап кетті деді, басын жоғарғы жақта орнатылған кішкене ғана терезеге күрсіне  бұрып.


Бағанадан, жоғарғы жақтағы төсектің үстінгі жағында басын салбыратып отырған,  жасы пенсия жасына жақындап қалған,  ірі денелі әдеміден келгенімен, жүзінде аздап салқындығы бар,оң жағындағы көзінің астында ерекшеленіп бірден көзге түсетін  кішірек қалы бар әйел, басын көтеріп,


-халық дейсің бе? Дұрыс айтасың! Халық көтерілсе алынбайтын қамал жоқ екен. Жиырма жыл әр аудандық сотта судья болып қызмет еттім. Менде, астымдағы тақты, әкемнің тағындай көріп, қызметтік шенімді пайдаланып, ойыма келгентірлігімнің бәрін ойдағыдай атқарып келдім.Соңында, бір дөкейдің сөзіне сеніп, бір көпбалалы  жанұяны көшеге тентіретіп жіберейін дедім. Маған,


-бұлар,  ешкімі жоқ қарт кісіні алдап мирасхат жаздырып алып, қартты қолдан өлтіріп, пәтерін тартып алды. Оларға біреу көмектескен болу керек.Істерін әдемі жасаған. Негізі туысы бар ол қарттың. Сол туыстарына қалайда алып беретін болып шешіп, қомақты ақша алып алайық. Қарттың туысы, қанша болса да, береміз деп отыр. Шешіп берсеңдер болды деген соң, досыма сеніп,  қарттың туыстарымыз деп өздерін таныстырғанарызданушылардың арыздарын қанағаттандырып беріп едім.  Сөйтсем, сенген досым, барлық тірлікті өзі әдемілеп жасап, өзі алып алмақшы болған екен  ол пәтерді. Жаңағы туыстарымыз деген адамдар мүлде бөтен болып шықты. Далада қалмақшы болған ол көпбалалы жанұя, әділдікке жетеміз деп, қолдарынан келгенінің бірін жасап, соңында мен де, досым да, түрмеден бірақ шықтық. Мені алдаған досым ер адам болатын. Өзінің айыбы ашылатынын білген соң, отбасымен шетелге қашып кетпекші болып өз көлігімен аэропортқа бара жатқан жерінде аварияға түсіп, бүкіл отбасы дүние салып, өзі сау тамтығы қалмай, бір аяғы, бір қолы сынып, басы жарылып, бауыры езіліп емханаға  жатқан жерінен,балдаққа сүйеніп жүргеніне қарамай, түрмеге әкеліп тықты. Алдындары да, қанша әділетсіздік жасап жүргеніммен, бұл жолы балалардың көз жастары ұрған шығар мені. Түбінде, ақиқат жеңетіні рас екен. Соңғы кезде, өзімнің баларым да тастап,  Алла, басыма  ескерту сынақтарын беріп жатқанында байқамаппын ғой деп еріксіз еңіреп жіберген кезде, есік алдында бәрін тыңдап тұрған күзетші, әйелдердің жанына келіп,


-Елдегі барлық былықтың бәрін сендер, әйелдер бүлдіріп жүр екенсіңдер ғой?! Пара алып жатқанда, пара беріп жатқанда, отбасын бұзып, балаларын көшеге тастап жатқан да, сендер екенсіңдер. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтпаған екен. Ақша үшін, елді жылатып отырсыңдар құныққан, ардан безгендер. Ана жақта, ер азаматтарымыз отыр.  Бірі, алданып қалған. Бірі, абайсызда адам қағып кеткен.Бірі, күнін көре алмай амалсыз, тауық ұрлаған.  Елдегі  көп еркектеріміз сендердің кесірлеріңнен қор болып жүр. Жалпы еркек қауымы аңғал болып келеміз ғой! Осы әйел деген, өз орнын біліп жүрсе, елімізде мұндай жоқшылық, жетіспеушілік деген болмас еді.  Жоқтан бар жасап, барға қанағат етіп,байларыңның тапқанын үлестіріп отырудың орнына осы жүрістерің дұрыс па енді? Адал жұмыс жасай алмасаңдар, Үйлеріңде отырмайсыңдар ма?   Мен, мен сияқты полиция қызметкерлерінің барлығы сендер сияқты жауыздардың кесірінен жүректеріміз тасқа айналған. Кейде, осындағы әйелдерді аяусыз ұрып қоятыным да жасырын емес. Менің де, анам, әпкелерім бар. Әйел адамның бұлай жүргендерін қаламаймын. Айналайындар-ау, маған бірің апа, бірің әпке, бірің қарандассыңдар. Осыдан жазаларыңды өтеп аман шықсаңдар, балаларыңа, айналаларыңа дұрыс бағыт көрсетіп, өз орындарыңды біліп үйлеріңде отырыңдаршы!   Осы күнге дейін мән бермей, күнкөріс үшін ғана жүруші едім осы жерде.  Бүгінгі сендердің өкініштеріңнен кейін, менде ойымды өзгертіп, жұмыстан кетемін деп шештім. Қазақтың аналарын мұндай жағдайда көру мағанда оңай емес екен деп, теріс бұрылып, шығып кетті.   Фарида,тұрған жерінде жерге тізелей отырып, екі қолын жоғары көтеріп,


- Е, Аллам!Өзімді жазаласаң жазала. Қандай сынақ берсең де, бәріне көнемін! Тек, жалғыз ұлымды жылата көрмеші!  Сенің барыңды бұрыннан білсем ғой! Бұлай ақша үшін байымды да, халықты да жылатпай, абыроймен өмір сүруге тырысар едім.Ия, кезінде  күйеуіме, -ақша  таппайсың! Мен сені бағып жатырмын. Әке-шешең болашағыңды ойлап оқытып, үйленгенше жағдайыңды жасамады ма?!  Баламды бағамын ба, сені бағамын ба?  Қалай күн көрсең, олай көр. Көшеде тентіріп кетесің бе? Өз обалың өзіңе  деп, үйден қуып жіберген едім. Енді ойлап отырмын. Сол кезде ата-енеме де,  тіл тигізген екенмін ғой!  Ата-ана қарғасы, Алланың қарғысы деген сөздің төркінін енді түсіндім! Кімге не тілесең, не істесең, өз басыңа еселеп қайтатыны да рас екен!  Е, Аллам! Мына жерден шығара көрші. Енді қайтып ешкімді жылатпай, мейірімді ана болып, адал адам болып өмір сүруге уәде беремін деп,  басын жерге төбелеп тағы да еріксіз жылай кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу