Өлеңдер ✍️

  24.11.2023
  372


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ғашығың емеспін сен қалаған...

Мен білемін жан емеспін сен қалаған,


Жай ғана бір болуды армандағам.


Сенің бақытыңды көп қалағам,


Соңында сезім қалды қаланбаған,


Мен білемін жан емеспін сен аңсаған.


Арманыңнан алшақ тұрам алаңдасаң


Бір өзің деп уақытымды құртып алғам


Тек сен үшін жүрегімді соқтыра алам


Мен сеземін келмедің сен қалағаннан


Бір көргеннен жүрегімді табыстағам


Өлеңімді мінсіз жазып арнай алған


Мұқағали емеспін сен оқыған


Ғашық жаның емеспін сен аңсаған


Жәй ғана пендемін сезім басқан


Бұл өмірде сенімен көп ауырған


Бір өзіңе ғұмырымды арнай салған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу