12.11.2023
  271


Автор: Жібек Ысқақова

Мен тәртіпті баламын

Мен тәртіпті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Ата-анамды қуантып,
Мақтанышы боламын.

Мен тәртіпті баламын,
Көңіліңді табамын.
Үлкендерге құрмет қып,
Амандасып аламын.

Мен тәртіпті баламын,
Мектебіме барамын.
Сабағымды жақсы оқып,
Күнде бестік аламын.

Мен тәртіпті баламын,
Әсем әнге саламын.
Ортаңызда жарқырап,
Жұлдыздайын жанамын.

Мен тәртіпті баламын,
Ерекшемін, дарамын.
Өз-өзіме қоятын,
Биік менің талабым.

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу