Эсселер ✍️

  10.11.2023
  63


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Алғашқы оқыған романым "Таңжарық".


Ауторы Тұрлыбек Мәмесейіт. Тайға таңба басқандай көз алдымда алтыншы сыныпта оқыған алғашқы романым.



Алты жылдан кейін Астанаға келіп оқуға түскенде Тұрлыбек ағаның өзінен дәріс тыңдадық. Сол кездегі сезімді айтып жеткізе алмаспын. Бала кезімде ойлаушы едім, жазушыларыдың бәрі өліп қалған. Тірі жазушы деген болмайтын сияқты сезілетін. Тұрлыағам: "Ер Ғабаң"- деп шақыратын кейде. Сырбаз, сабырлы, жұмсақтап отырып бір сарын әңгімемен көп дүниені түсіндіретін. Сабақтан кейін қалып көп сырласатын менімен. Ел қалай, жер қалай, Таңжарық атаңның басына барып тұр. Музейіне кіріп тұр дейтін.



Сөйткен Тұрлыағамнан айырылып қалдық қой. Кеше Гүлнар апайым ағамның нөмерімен хабарлама жібергенде қамығып, апайыма көңіл де айта алмадым. Қимадым.

"Әу, Ғабеке, осы сіз қашан Мұстафин боласыз"- дейтін ағам. әр көрген сайын сұрайтын. Менен үлкен үміт күтетін. Топырағымыздың тамыры бір болғанға үлкен сағынышпен қарауы да мүмкін.



Мына фотода бірнеше жыл бұрын университетке дайындық курсының балаларына лекция оқуға барғанда "Ер, Ғабам келді деп естіп, амандасуға кірдім деп еді". Қасымызда алтын апайымыз Ғалия Ақсейіт болған. Сол кісі шақырған еді бір сабағында.



Сөйткен Тұрлыбек ағамнан айырылып қаламыз деп ойламадым ғой.


Қабиден Қуанышбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу