Өлеңдер ✍️

  09.11.2023
  161


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

КӨК ТҮРІК

 


 


Көк түріктің ұрпағымын тектімін,


Ұлығанда ұран болып кетті үнім!


Топ шақырып ұлитығұн жылғадан,


Бөрілерге бас қосатын жетті күн!


 


Көк түріктің ұрпағымын тектімін!


Өршіп келед өзегімде от мұңым!


Тамырымда тулап жатқан өршіл қан,


Жау жағасын алатындай етті ұлын!


 


Туым биік тұғырлы ма ем туадан?!


Ой санамды ояатқанды ұлы адам.


«Оу, жігітім бөрі екенсің бөрісің,


Тобың қайда?!»- деп сол адам сұраған.


 


Көкірегім күңіреніп кетті шын,


Тірегендей кеудем менің көкті шың!


Оу, данышпан көкірекке нұр кұйған


Мың жылға тән мықтысың!!


 


Көк түріктің ұрпағымын тектімін,


Ұлығанда ұран болып кетті үнім!


Топ шақырып ұлитығұн жылғадан,


Бөрілерге бас қосатын жетті күн!


Өршіп кетті өр кеудемде отты мұң!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу