06.11.2023
  61


Автор: Студенттер күні

Халықаралық студенттер күні

Студенттік өмір әр адамның жадында сақталып қалатын ерекше құндылыққа ие. Студенттік уақытта басқа қалада немесе басқа алыс жақын шетелдерде оқып жүрген студенттер өмірдің ащы-тұщысын сезініп, аштық пен тоқшылықтың барлығын сезінетін шақ. Өткен күндерге көз салатын болсақ бұрындары студенттер оқудан тыс кезде қосымша жұмыстар жасап,тапқан ақшасын өз қажеттеріне жаратып жүретін. Ал казіргі таңда әрбір студентте қалта телефоны бар, телефонға банкттік қосымшалар орнатылған. Үйде отырған ата-аналары ұлдары мен қызына алыста жүріп-ақ қажетті ақшасын аударып жібере алады. Заман дамыды, технология дамыды дегендей, бәрі оң жағынан өзгеріп жатқаны жанымызға қуаныш ұялатады. Айтпағым, әр студент өзіне керегін қосымша жұмыстар жасап тауып отырса, ата-анасына арқа сүйеп, оларға салмақ салмаса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл әрбір студенттердің өз қалауы бойынша жасалатын дүние.
Расында, студенттік шақ қызығы мен шыжығы естен кетпейтін ерекше сәт. Сәні мен салтанатқа толы студенттік өмірдің әр күні мерекелі де берекелі өтсе де, осындай жарқын сәтті өмірдің кейіпкерлерінің күнтізбеде белгіленген 17 қараша — Халықаралық студенттер күні бар. Бұл мейрам қаншама қантөгістердің нәтижесінде есік ашқанмен бұл күндері жайдары қалыпта тойланып келеді.
Студенттік өмір, жарқын болашаққа жасалған сәтті қадам болып табылады. Бұл қадамды жақсы жағына толтыру немесе бұрыс жағына толтыру әр студенттердің өз қолында. Студенттер жалпы айтқанда еліміздегі бүкіл жоғары оқу орындарындағы студенттердің барлығын қосқанда бір қауым ел болары анық. Сондықтан, студент қауымдар деп сөйлесек бұрыс айтпағанымыз болар.
Болашақтың жарқын күндеріне үміт артып, жоғары оқу орындарында арнайы бір маман иесі болу үшін оқып жүрген студенттер қауымының 17 қараша төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу