05.10.2023
  352


Автор: Республика күні

Республика күнімен Әкетайым (әкеге)

Республика күнімен Әкетайым,
Құттықтаймын мен сізді шын жүректен.
Көк байрақтың тұғыры берік болсын,
Әр жүректің төрінен орын тепкен.

Өміріңіз жандансын Әкетайым,
Республика күнінде әр жыл сайын.
Алға қадам баса бер Әкешім сол,
Алаңдау мен көңілде жоқ боп уайым.

Еліміздің мерейі үстем болып,
Тыныштығын сыйласын Жаратқаным.
Әкетайым асылым аман болшы,
Қуанышпен тербелеп атар таңың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу