Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  187


Автор: Шөмішбай Сариев

Жолдар, жолдар...

Жолдар, жолдар шақырады алысқа,
Жолдар, жолдар шақырады ғарышқа.
Сапарласың жолмен түсіп жарысқа,
Жолдан озбай, жолдан кейін қалыспа.
О, жолаушым!
Сен келесің жолменен
Сапарласың мен келемін жолменен,
Сені көріп, о, жолаушым, аялдап,
Ұлы жолда амандасып қол берем!
Жолдар, жолдар тоғыстырған талайды,
Күн батады, таң атады арайлы.
Бұл өмірдің қонағы деп санайды,
Күн мен Айым жолаушыға қарайды.
Табиғаттың маусымдары алмассын,
Жолдар, жолдар! Жолдан мәңгі талмассың.
Тоқтамасын Адамзаттық жолдары,
Жолдар-жолдар ұрпағыммен жалғассын!
Жолдар, жолдар!

27 қаңтар 2011 жыл
Алматы – Астана сапары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу