Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  71


Автор: Шөмішбай Сариев

Сол бір кеш

Алдыңда үміт арман-ай,
Көгіңде айың тамғаны-ай,
Есте қалды «СОЛ БІР КЕШ»,
Жұлдыздар жайнап жанғаны-ай!
Арман-үміт қуған күн,
Қайран жастық думан күн,
Есте қалды «СОЛ БІР КЕШ»,
Ай жарқырап туған күн.
Тағдырдан ба бұл қалай,
Бір-бірін көрмей Күн мен Ай,
Есте қалды «СОЛ БІР КЕШ»,
Мұнартып таулар тұнғаны-ай!
Достар-ай қандай сыйласқан,
Шырқалып ән мен күй дастан,
Тебіренді толқыды,
Ән мен күйден түнгі аспан!
Тұра ма ақын жырламай,
Келесің тойға құр қалай?!
Тағы да, міне, «СОЛ БІР КЕШ»,
Еске оралып тұрғаны-ай!
Толассыз уақыт ағында,
Айналып өмір сағымға,
Жасай берсін «СОЛ БІР КЕШ»,
СҰЛУ ЖАНДАР ЖАДЫНДА!
Ерте ме, әлде, болдың кеш,
Керуенді сапар жол бір көш,
АЛДЫҢДА БҮГІН ТАҒЫ ДА,
ҚАБЫЛ АЛ, ХАЛҚЫМ, «СОЛ БІР КЕШ»!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу