Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  40


Автор: Шөмішбай Сариев

Талай дана Жер бетінен өтті дер

«Бояулар антологиясы – кемпір қосақ»
Деген сөзге өлең жаздым мен бір босап...
* * *
Талай дана Жер бетінен өтті дер
Көтергендей денесімен көкті Жер.
«Тектілер» деп сөз айтады тексіздер,
«Тексіздер» деп сөз айтады тектілер...
* * *
Байғұсыңның аңдамайтын сол соры,
Аңдамайды кім екенін оң-солы,
«Әділеттілік кімде?..» дейді ашынып,,
Ал, өзінен іздемейді, дәл соны!

20 наурыз 2014 жыл
Астана қалассы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу