Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  31


Автор: Шөмішбай Сариев

Тас жолдар

Барселонның тас жолымен сырластым,
Тар көшеде тас дуалмен мұңдастым,
Тұлпарлардың тұяғындай дүбірлеп,
Ғасырлармен қадамымды бір бастым.
Тұла бойғы асыл-маржан таққандай,
Ұлы жүрек Испан қызы ақ маңдай.
Колумбияны қарыс алған жер патшайым,
Баспалдақтан түсіп келе жатқандай!
Түнгі аспанның ашқан жұлдыз түндігін,
Бұл да ерекше тарихи күн, нұрлы күн,
Колумба бұл келген еді бұл жерге,
Ашып келіп, Америка құрлығын!
Осы жерге ат арытып жеткен ек,
Қараушы едім үмітіммен көкке көп.
Келдім бүгін Жерорта теңізіне,
Қарсы алдымда көк теңіз тұр бетпе-бет.
Бала кезден ақын болып елжіреп,
Көк теңізді сүйіп өскен сол жүрек.
Келдім бүгін, Жерорта теңізіне,
Көкпен бірге көк айдыны мөлдіреп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу