Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  64


Автор: Шөмішбай Сариев

Менің мемлекетім

Ақордадан бастап шекараға дейін,
Аспан-жерді жалғаған екі араға дейін,
Бұлт асқан ақиық тауларыма дейін,
Кең көсілген даламның аумағына дейін,
Менің мемлекетім!
Етегінен тауымның шыңдарына дейін,
Жел үйірген құйынды құмдарына дейін
Менің мемлекетім!
Құм басқан ежелгі қорғанына дейін,
Қалың тоғай сыңсыған орманына дейін
Менің мемлекетім!
Бір уыс топырағы, әр тасына дейін,
Күңіренген үнсіз жартасына дейін
Менің мемлекетім!
Нар атан түйенің ноқтасына дейін,
Әрбір қазақ отбасына дейін,
Менің мемлекетім!
Жел ұйытқып жетер сөзім- Жер мен Күн арасына дейін,
Көз ашып-жұмған әрбір қазақ баласына дейін,
Менің мемлекетім!
Тәңір өзі бетін бұрғанынша,
Жер шары қанша тұрғанынша,
Жаса, менің мемлекетім!..


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу