Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  36


Автор: Шөмішбай Сариев

Лондонның құшағына ендім мен...

Бұл өмірде бұл құпия мен білген
Бұл өмірде бұл құпия сен білген,
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда,
Лондонның құшағына ендім мен
Бұл бір түнді баяны мол бақ білген,
Жұлдыздардың арасынан ақтым мен
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда
Лондонды құшаққа орап жаттым мен.
Махаббатты бір ерекше күн білген,
Сенің отты құшағыңда күйдім мен.
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда
Лондонды аймалап сүйдім мен.
Махаббатқа жететұғын жол білді
Мен аңсаймын әлі күнге сол күнді.
Сені сүйіп жатқанымда өмірде
Содан бері сүйіп кеттім Лондонды!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу