Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  133


Автор: Шөмішбай Сариев

А, Құдай, бергеніңе шүкір деймін

А, Құдай, бергеніңе шүкір деймін,
Ақынның жүрегінде бүкіл мейірім.
Жолаушы өзі қонып, түстенеді,
Келер бір қонағыма күтінбеймін.
А, Құдай, бергеніңе тәубә деймін,
Сұлулық жүрегімді жаула мейлің.
Күн сайын бақ-дәулетті бер демеймін,
Баянды бақытыңмен баура кей күн!
Өмірдің тамса көзден жасын сүйем,
Құран бар тәубе ететін асыл кием.
А, Құдай, қайда болсын, жолымды аштың,
Алдыңда тізе бүгіп, басымды ием.
Барады өмір озып, озған аттан,
Самғай ма, мен білмеймін сөз қанаттан.
Күллі әлем құпиясы көз алдымда,
Мен де бір жұмбағыңмын О, Жаратқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу