Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  137


Автор: Шөмішбай Сариев

С-ға

Өкпелеттің бе мені,
Әлде мен өкпелеттім бе?
Әйтеуір, кінә таққаным бекер,
Көрмедім сені,
Сертке жеттім де,
Есігіңді оралып —
Қақпадым бекер.
Ренішті көңілді байқасын деп,
Көрмеймін деп өзіңе айттым-ау бекер.
Мен өкпеңді өзіңе қайта сілтеп,
Есігіңді ашпай-ақ қайттым-ау бекер.
Болмашыға көңілді матаушы едік,
Әттең ашу ақылмен өлшеп пе еді?
Кетіпсің ұлы жолға сапар шегіп,
Тағдырымыз оралтып көрсетпеді.
Бейітіңе сырымды келдім айтып,
Жүрегім түсіп өмір оттығына.
Өксідім,
Күйіндім мен енді қайтып,
Өкпелейтін жанның да жоқтығына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу