Өлеңдер ✍️

  27.08.2023
  58


Автор: Шөмішбай Сариев

Ең жақсы күн...

Қадірі мол қанағатқа тояд таң
Күнім күліп шұғылаға боятқан,
Ең жақсы күн — бүгінгі күн, ағайын
Тербеп әлем,
Таңың атып оятқан!
Әрбір адам төредейін төрге асық
Елім деген азаматқа ел ғашық
Ең жақсы күн — бүгінгі күн,ағайын
Тұрсақ міне табаныңмен — жер басып.
Бұл бір әлем, бірде — түнек, бір — жарық
Бәйшешек ай, нұр кеудемде гүл жарып
Ең жақсы күн- бүгінгі күн, ағайын
Жарық дүние,
көз алдында тұр жанып.
Махаббатың — ғашығыңды еркем де
Күллі дүние, әрі сұлу көркем де
Ең жақсы күн — бүгінгі күн, ағайын
Жүрегіңнің дүрсілі бар ертеңде!
Ең жақсы күн,
Ең жақсы күн бүгін-ай
Қатар жүріп
Ғұмыр кешсек гүлім-ай
Дүниенің жұлдыз жанған түнін-ай
Дүниенің таңы атқан күнін-ай,
Сүйген жүрек
Бірің — күндей,
Бірің — ай.
Ғашықтықты үнсіз ұққан, тілін-ай
Ел- халқыңмен тыныш ұйқтап оянған
Ең жақсы күн,
Ең жақсы күн
Бүгін-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу