Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  75


Автор: Серікбай Оспанов

Жасқанып мен жүр едім...

Жасқанып мен жүр едім


Жассың   әлі   деуге де.


Дедің   маған:


– Жүрегім


Сыймай қойды кеудеме!


 


Жоқты   білмеу,   барды   ұқпау –


Махаббаттың   мінезі.


Ол – аңғырттау,   албырттау,


Дүниеде   бір   өзі!


 


Санаспайды   санамен,


Түсіне   біл   оны   шын.


Бір-ақ   адам – бар   әлем,


Ең   сұлу   сол – ол   үшін!


 


Таба   алмайды   сәл   тағат,


Құлақ   аспас   сөзге   онша.


Махаббат   па   ол   махаббат,


Құлақ   болса,   көз   болса?!


 


Опығы   көп   ойдың   да,


Қиял – алыс,


Сағымды ...


Шырылдатып   қойдым   ба


Сенің   шыбын   жаныңды?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу