Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  101


Автор: Серікбай Оспанов

Маған, жаным, еркелеші...

Маған, жаным, еркелеші,


Мойныма асыл тағы да.


Қайғы-мұңды желкелеші,


Мереке әкеп жаныма.


 


Еркін сөйле,


Ашық-жарқын


Жүрсең мен де төрдемін.


Шуақ болып шашылған Күн


Секілдім-ау сол менің.


 


Инабатың иілдірді,


Мінезіңе тәнтімін.


Сүйкімділік сүйіндірді,


Әнге айналды әр күнім.


 


Ізетің де сенім берді,


Шөл көңілді сел еттің.


Саған еріп өмір келді,


Жаныма гүл сен ектің.


 


Заманда бұл залалы көп


Өшкендей ем, қарағым.


Өшпес өмір жанары боп


Мейірлене қарадың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу