Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  32


Автор: Серікбай Оспанов

Жиырма бес

Жасымнан жарқын


Қунақ өскенмін.


Асыл ән – әр күн,


Жиырма бестемін.


 


Ғашықпын өмір,


Мазалаймын мен.


Тасытты көңіл,


Найзағаймын мен!


 


Нұрлы күндерім


Сыйлады ескегін.


Күлді гүлдерім,


Жиырма бестемін!


 


Жолым болады,


Татамын бәрін.


Толып ағады


Қан тамырларым.


 


Кезім ғой менің


Жарқыл қағатын.


Өзің ғой,


Елім –


Алтын қанатым!


 


Алға баратын,


Арман ағатын –


Талма, қанатым,


Самға, қанатым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу