Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  102


Автор: Серікбай Оспанов

Қу тірлік-ай, көп ісіңе таң қалдым...

Қу тірлік-ай, көп ісіңе таң қалдым,


Пендемін ғой, саған талай алдандым.


Еркек келіп сүйеді ернін еркектің,


Нана алмаймын, жалғаны ғой жалғанның!


 


Мен білмеймін жек көреді кімді кім,


Жүгінерім жалғыз ғана шындығым!


Қүшақтасып сол сүйіскен «ғашықтар»


Көзі тайса сыбайды кеп бір-бірін.


 


Жерлесшіл-ақ үлкені де, жасы да,


Соны ойласам тебеді қан басыма.


Өз аулының ең-ең жаман мәстегін


Қоя салар тұлпарлардың қасына.


 


Алдау-арбау, мәймөңкелеу, жағыну,


Өп-өтірік зарығу мен тарығу,


Көпшік қою, қарын қамы, бос мақтан,


Боп кеткен бе бәрі сайтан, бәрі қу?!


 


Тіршіліктің кетірді ғой бар сәнін,


Көрдім екен көлгірсуді қанша мың?!


Өтірікті, өсекті де сан естіп,


Күдер үзе жаздап, Өмір, шаршадым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу