Өлеңдер ✍️

  02.07.2023
  44


Автор: Серікбай Оспанов

Шуақ шашар мейірленіп...

Шуақ шашар мейірленіп.


Қорықпайды ел құдайдан да,


Барады  ғой пейіл кеміп...


Күнге қара мұңайғанда.


 


Қарамайды ел жылағанға,


Әркім жүр өз әуресімен.


Төсегіңе құлағанда


Ай жұбатар сәулесімен.


 


Бұрылмайды ел жалынғанға,


Болып алды бәрі қатал.


Гүлге қара сағынғанда,


Жаныңды сәл жадыратар.


 


Күдер үзсең бұл өмірден,


Арман, ардақ адамды ойла.


Солар жақын жүрегіңнен,


Жарық берер қараңғы ойға.


 


Бүктетілген, бүгілген де


Жүр десек те талай мұндар,


Барлығынан түңілгенде,


Не істеу керек, ағайындар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу