Өлеңдер ✍️

  02.07.2023
  32


Автор: Серікбай Оспанов

Жол үстінде

Алғаш рет ауылдан


Алысқа ұзап барамын –


Мен деп жаны ауырған


Жанарынан ананың,


Аясынан атаның,


Саясынан ағаның,


Бетке ап таңның шапағын –


Саған қарай,


Жаңа күн!


 


Кері зулап келе ме,


Доңғалағы арбаның?


Ауылға ұзай бере ме,


Алға ұзамай арманым?!


 


Алаңдадым соңыма;


«Оң болсын, – деп, – сапарың»,


Қарап қалды-ау жолыма


Інілерім,


Қатарым...


 


Лүп-лүп жүрек соғады


Қап барады бүлдіршін.


Көп қой,


Ұзақ жол әрі,


Алдағыны кім білсін...


 


Көз алдымда түр-өңі


Шуағындай даланың...


Бала екен ғой жүрегі –


Ақ тілекті ананың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу