Өлеңдер ✍️

  26.06.2023
  305


Автор: Серікбай Оспанов

Сыйластарың – өзіңді құптайтындар...

Сыйластарың – өзіңді   құптайтындар,


Жөн-жосықсыз   көңілді   жықпайтындар.


Сөйлеп тұрып, әйтпесе, бір-ақ тілде


Толып   жатыр   бір-бірін   ұқпайтындар.


 


Сыпырылар  көңілдің   түнегі   де,


Сыйластыққа не жетсін бұл өмірде?!


Тілінде емес тек қана,


Адамдардың


Түсінуі   бір-бірін – жүрегінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу