Өлеңдер ✍️

  25.06.2023
  52


Автор: Серікбай Оспанов

Ауыл көшіп барады…

Көшіп жатыр ауылым,


Қонып жатыр, еркем-ай.


Қай пенденің айтқаны


Болып жатыр, еркем-ай.


                        Халық әні.


Ауылды аңсап шөлдедім,


Ауыл – жаным емес пе?!


Ауылым азса,


Ол менің


Ауырғаным емес пе?!


 


Тудық, сонда өстік біз,


Үйреніп жөн-жосықты.


Терезесіз, есіксіз


Үйлер мен шошытты.


 


Табам қалай дәруін,


Емес едік қоныссыз.


Көшіп жатыр ауылым,


Өшіп жатыр соғыссыз.


 


Қалғандар бар панасыз,


Көшемін деп қалаға.


Ел де,


Мен де шарасыз,


Заман азып бара ма?!


 


Шұбырынды – ақтабан


Адам азып бара ма?!


Ауылды азық таппаған,


Қалада азық таба ма?!


«Суға кеткен тал қармар» –


Ауыл көшіп барады.


Жер болды ғой армандар,


Жаным менің жаралы...


 


Сәбиі бар қолында,


Бауыр көшіп барады.


Ата қоныс – соңында,


Ауыл көшіп барады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу