Өлеңдер ✍️

  07.06.2023
  62


Автор: Серікбай Оспанов

Түскенде Серікбай-ау, басыңа күн...

Түскенде Серікбай-ау, басыңа күн,


Мүсіркеп келіп еді қасыңа кім?!


Ұлы кеп Құнанбайдың ақыл айтып,


Қуат- күш бермеп пе еді Қасым ақын!


 


Шаққанмен бір Аллаға бәрі мұңын,


Теңгеде пенделердің жаны бүгін!


Махамбет жанарында от ойнатып,


Оқытқан Шәкәрім еді Ар ілімін!


 


Поэзия қуатының жоқ өлшемі,


Болмайды!


Болған емес өнер шегі!


 


Еркелеп көрмесең де бір адамға,


Жетелеп келе жатыр өлең сені!


 


Сыйлаған сол ғана ғой саған бақты,


Кетсең сәл араласпай, алаңдатты.


Өлмейтін қайырымың, Өлең, Өнер,


Бөлмейтін Ақын ғана Адамзатты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу