Өлеңдер ✍️

  07.06.2023
  99


Автор: Артюр Рембо

КЕТУ

 


 


Жетеді маған,


бұл күнге дейін көргенім.


Сансыз елеске жолығып жүрмін бар жерде.


 


Жетеді маған,


бұл күнге дейін алғаным, Аспанның асты,


күн мен түн түгел толып тұр шаһарлардың мәңгі шуына.


 


Жетеді маған,


бұл күнге дейін білгенім, Аялдамалары ғұмырдың. – О, Елестердің Гуілі!


 


Жаңа шулар мен жаңа махаббат арасындағы кету – бұл кету!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу