Өлеңдер ✍️

  07.06.2023
  259


Автор: Серікбай Оспанов

Жатқаныма...

Жатқаныма


Төртінші


Күн болды ауруханада.


Тән сырқаты – өткінші,


Жан ауруы қала ма?!


 


Көз ілмеймін ұзақ таң,


Ойлар маза бермейді.


Жүрегімді сыздатқан


Жарамды өлең емдейді.


 


Лезде қуып тастайды


Келген бұлтты түнеріп.


Ұлы күнге бастайды


Мұңды ұмыт қып жіберіп.


 


Баурап мені ол демде,


Жүрегіме нұр құяр.


Туындатар кеудемде


Бір қиялдан бір қиял.


 


Не бар оған келер тең,


Ашар көңіл-сарайды?!


Өлімнен де мені ертең


Өлең арашалайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу