Өлеңдер ✍️

  06.06.2023
  39


Автор: Серікбай Оспанов

«Жалғызым!» – дедің...

«Жалғызым!» – дедің –


Жалғыз сөз айттың балаңа,


Құлағымда сол қайталанып жүр, жан Ана!


Жасырып жүрген алтын балығымды іліп ап,


Көңіл көлімді шулатып кетті шағала.


 


«Жалғызым!» – дедің –


Жалғыз сөз айттың балаңа,


Дөп тиді келіп жүрегімдегі жараға.


Басқаға мынау мен көптің бірі болғанмен,


Жалғызың едім,


Жарығың едім, жан Ана!


 


«Жалғызым!» – дедің –


Көз жасымды көл ғып төккіздің,


(Орындалмаған арманымыз да көп біздің)


«Жалғызым!» – дедің –


Қиналып айттың, қимадың,


Жалғыз-ақ сөзбен барлығын маған жеткіздің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу