Өлеңдер ✍️

  06.06.2023
  52


Автор: Серікбай Оспанов

Асыл Анам жан еді өр көңілді...

Асыл Анам жан еді өр көңілді,


Көзге ілмейтін медалің, орденіңді.


Ақыретін салып ол сандығына,


Қойынында сақтапты жөргегімді.


 


Ақыретін оранды.


Жөргегімді


Жүрмін қазір көрсетіп елге күллі.


Қиып өзін өлімге, дайындалып,


Болсыншы деп тілепті мен өмірлі.


 


Аңғармайсың көп жайды жас шағыңда,


Көз жұмды Анам алпыстан асқанында.


Жалғыз ұлы болса аман – сол бақыты,


Ойламапты басқаны,


Бас қамын да!


 


Баламын ғой,


Мақтасам мен «көсемді»,


Анашым-ай,


 Аллаға, елге сенді.


Орындалып тілегі,


Ұлына бұл


Көрініп тұр жетпістің төбесі енді.


 


Өмірінің перзенті күллі мәні,


Ауыл-аймақ,


Өрлігін білді бәрі.


Жалғыз ұл бар менде де,


Өкінішім –


Анашымдай бола алмай жүрмін әлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу