Өлеңдер ✍️

  06.06.2023
  224


Автор: Серікбай Оспанов

Досым, бүгін барайықшы театрға

Бейтанысың, туысың, танысын да,


Арманда өткен ару мен арысын да,


Жақының да, көрмеген алысың да,


Ар-ожданың, жігерің, намысың да,


Ізгілігің, ізетің, мұратың да,


Салт-дәстүрің, ғұрпың да, ұятың да,


Тетарда, досым-ау, театрда!


 


Парасаты,


Халқыңның пайымы да,


Бір-біріне жасаған қайырым да,


Зайғысы да, зары да, зайыры да


Театрда!


Досым-ау, театрда!


 


Асқақ , асыл қол созып арманыңа,


Жарығыңды түсіріп жан-жағына,


Бақыт, байлық ұсынып жан жарыңа,


Көз жіберіп өткенге, алдағыға


Не жетеді таетарға барғаныңа?!


Досым, бүгін барайықшы тетарға!


 


Көз қадаған көрікке көппен бірге


Сапар шегіп келейік өткен күнге,


Барлап қайта жарқын жас шағымызды,


Тазартайық кірлеген жанымызды.


Көңіліміз болмай жүр көктем күнде,


Досым, бүгін барайықшы теартға!


 


Көз алдыңа әкеліп бар ғаламды,


Көңіліңді аулап, жазатын жан жараңды,


Ұмыттырар іштегі бар налаңды


Театр ғой!


Барайықшы театрға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу