Өлеңдер ✍️

  31.05.2023
  67


Автор: Серікбай Оспанов

Жұлдызды түн

Салқын ауа,


Жұлдызды аспан,


Тынық түн,        


Ерініммен ерініңді жылыттым.


Сенен басқа жан жоқ бүкіл әлемде,


Қылықтым-ау,


Өткенімді ұмыттым.


 


Бетімізді сәулесімен аймалап,


Төбемізден тұрды төніп Ай қарап.


Екеуміздей махаббатқа мас болған,


Жұлдыз көктен құлап жатыр тайғанап.


 


Салқын ауа,


Жұлдызды аспан,


Тынық түн,


Тәтті үмітке,


Тәттілікке құнықтым.


Бақырайып екеумізге таң қалып,


Қарап қалды көкжиектен шығып күн.


 


Аспанды осып аппақ болып із қалған...


Таңның ұзақ болуы еді бізге арман.


Қызыл арай қан жүгіртті бетіңе,


Арайлантып күннің көзі қызарған.


 


«Жолығыса алмай қойдық күндіз біз,


Неге сонша қара түнге ділгірміз?!» –


Дегенде сен


Бір жұлдыз қап бетіңде,


Жанарыңнан ағып түсті бір жұлдыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу