Өлеңдер ✍️

  31.05.2023
  81


Автор: Серікбай Оспанов

Ауылды аңсау

Сағынып жүрмін ауылды, аяулы апаларымды,


Алатаудайын еңселі, ақ басты аталарымды.


Жеңгейлерімді сағындым,


Қарап жүретін қашан да


Қыздарға жазған хат бар деп ақтарып қалталарымды.


 


Сағынып жүрмін достарды – ақ адал армандастарды,


Әкелеріміз басына белгі боп қалған тастарды.


Сағынып жүрмін кешегі інілерімді – пәк сәби,


Жігіт боп қазір зіңгіттей жалындап жанған жастарды.


 


Сағынып жүрмін көршімді, танысты, туысқанымды,


Есік алдында өзім еккен сол бір уыс талымды.


Есіме аламын сағынып, сүйіктім, қара қыз сені,


Су әкелісіп, от жағып, тары қуырысқанымды.


 


Сағынып жүрмін бәріңді, әніңді, ауылдастар-ау,


Сағынып жүрмын бәріңді, жалынды бауырластар-ау.


Маған тым ыстық барлығы,


Маған тым жақын әрі күні,


Дауыл басқалау ауылда,


Жауын басқалау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу