Өлеңдер ✍️

  31.05.2023
  47


Автор: Серікбай Оспанов

Аспанда

Ұшып біз кеттік аспанға,


Үлгірмей қалдық қас қағып.


Жасқанба, досым, жасқанба,


Ақ мамықтардай ақша бұлт.


 


Ұшақ та жүйрік көңілдей,


Көгімдей мөлдір бар ма әлем?!


Жерім-ай, қалды көрінбей,


Аспанда қандай арман ең?!


 


Біз ұшқан сәтте аспанға,


Үйріліп, қимай кең дала,


Қол бұлғап қара тастар да,


Қоштасты бізбен  Жер-ана.


 


Қарашы байтақ далаңа,


Көз салшы әсем елге бір.


Қол бұлғап әрбір бағана,


Желбіреп қалды жерде гүл.


 


Қош бол деп жатыр өңірің,


Даланың жұпар желі де.


...Аспанға ұшсаң көңілің


Тартады қайта жеріңе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу