Өлеңдер ✍️

  27.05.2023
  129


Автор: Серікбай Оспанов

Күз – дарқандық, егін орып, жылқы мен қой күзейді...

Күз – дарқандық, егін орып, жылқы мен қой күзейді,


Қыс – қаталдық, аязымен, боранымен қысады.


Көктем – мейірім, күздің, қыстың, қателігін түзейді,


Жаз – ақ көңіл, құшағына ап құс боп көкке ұшады.


 


Дарқандық бар,


Қаталдық бар,


Мейірім бар гүлдейтін,


Борап, 


Жауып,


Қайта ашылып жанарында күн күлген,


Арамдықты білмейтін,


Өтірік жылап, күлмейтін,


Бір басымда төрт мезгілдің мінезі бар


Жылмын мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу