Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  73


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Қызғаншағым

Жанарыма түсірсеңде мұнар мұң,
Шеңберінен сабырымның шығардың.
Көрмеймін деп көгенімді үзсемде,
Білмеймін ғой, сізге əйтеуір құмармын.
Өлең жырдан табам десем арайды,
Қаламайды мүмкін, жаның қалайды.
Өлеңімнің өзегі өзің болсаң да,
Өкпелейсің, өкпелеме жарайды!
Жүрегіммен жүрегіңе жақынмын,
Жанарыңның жарқылында жатырмын.
Сағым кешіп сандалып кет демесең,
Мені бұлай, қинай бермеші ақылдым!
Мен ақынмын, өлеңім сен ендеше,
Елжірейді жан-дүнием сен десе.
Өлеңім-ау, саған қандай амал бар,
Бір қызық іс, жасаймын-ау сенбесе.
Ақ параққа төгіп- төгіп жіберем,
«Өлең» егер дегеніме көнбесе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу