Өлеңдер ✍️

  22.05.2023
  70


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Біз жақта тау бар

Біз жақта, тау бар.
Жартасты, шыңды, білтелі.
Шыңдарын сүйіп, өтеді бұлттар күндегі.
Шаң басып қалған, Қазақтың Қаратауларын,
Емініп келіп, ерке бұлт қана, сүртеді...
Біз жақта, тау бар.
Баурайын басып қызғалдақ,
Қызғалдақ жияр, тау мінез жігіт қызға арнап.
Біз жақтың тауы, өр болған сайын, өзгеше,
Мызғымас мінез, текті қазақтай, мұз балақ!
Біз жақта тау бар.
Таулардың мүмкін төресі,
Біз жақта тау бар ,
Таулардың, мүмкін көнесі.
Алақан жаям, асқақтап тұрған бейнеге,
Қайдасың менің, қиялдарымның егесі...
Қасқайып қарап, тұрған да таулар шетінен,
Биікте тұрып, берілмеуге де бекінем.
Əтең-ай , əттең!
Аймалап тұрған, ақ жауын,
Құзар шыңды да, құлататынына өкінем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу