Өлеңдер ✍️

  18.05.2023
  862


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Сүйгенді сүй

Сүйген жүрек, қарамас ештеңеге,


Ешбір мін де білінбес шын сүйгенде.


Керек емес, есеппен сүю мүлдем,


Сүю керек адамды шын жүрекпен.


            Сүйгенді сүй, беріліп жан тәніңмен,


Ар, ұятта балама біле білсең.


Құшу, сүю, өз-өзіңді ұсыну,


Шын сезімнің айнасы.


Сүйген жүрек басқа жанды қаламайды,


Шын махаббат сүйген жанды аңсайды.


Сүйгенді құш, беріліп тар төсекте,


Ләззат оты шарпыған сәттерінде.


Естен танып, еліртіп,


Күй кешерсін.


Ыстық демін тарылып.


Күш қуаттан арылып.


Сүйгенді сүй, беріліп.


 


Айтбек Әліпов, Астана қ. 18.05.23




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Гүльбақыт
Гүльбақыт 19.05.2023 17:53
Айтбек Рымбекович, керемет өлен. Шығармашылық жолда Сізге тек сәттілік тілеймін
Рахат
Рахат 19.05.2023 14:05
Тамаша өлең шумақтары екен. Ләззаттың ләззатын-ай тар төсекте!
Ләззат
Ләззат 19.05.2023 12:41
Керемет өлең Айтбек Рымбекович шығармашылығыңыз өсе берсін

Пікір жазу