06.05.2023
  130


Автор: Жеңіс күні

Ұлы Жеңіс күніне

 


Өткен ғасырдың орталарына қарай, яғни жиырмасыншы ғасырдың 1941-1945 жылдар арасында болған Екінші дүниежүзілік «Ұлы Отан соғысы» бүгінде тарих беттеріне еніп, соғысқа барған ардагер аталаларымыздың көпшілігі о дүниелік болып кетті. Сол кездері соғыстың біткені жайлы хабарланған уақыт көктемнің соңғы айы, яғни мамырдың 9-ы болатын. Бұл күн соғысқа қатысушыларды ерекше қуанышқа бөлеген, «Жеңіс күні» болатын. Содан бері қаншама жыл өтсе де елімізде бұл Жеңіс күні ерекше аталып өтіліп келеді. Биыл міне Ұлы жеңісті қарсы алып, сұрапыл соғыстың біткеніне 78 жыл толып отыр.
Есімізде, Бауыржан Момышұлы атамыздың соғысқа барып, ерлік көрсетіп елге қайта оралғаны....Есімізде, Әлия мен Мәншүктей қызғалтақ қыздарымыздың Отан үшін деп соғыста ерлікпен қаза тапқаны... Есімізде, қаншама қазақтардың соғысқа барып, көпшілігі соғыстан қайтпай, сол жақта өлім құшқаны. Есімізде, ардагер аталарымыздың елге аман-есен оралып, соғыста көрген қиындықтарын біздерге айтып бергені. Есімізде, баласымен бірге тылда жұмыс жасап, күйеулерін күткен аналарымыздың көз жасы, балалардың арманы... Бәрі, бәрі есімізде... Оларды естен шығару мүмкін емес. Осындай жолмен келген бұл Жеңіс сол ардагер аталарымыздың көрген қиындықтарының жемісі деп білеміз.
Қаншама қиындықтармен келген Ұлы жеңіс бұл, қаншама адамның жанын қиған, Отан үшін жан берген жандардың Жеңісі бұл. Соғысқа кеткен Әкелерін сағынып, жолға қараған балалардың Жеңісі бұл. Күйеулерінен қаралы хат келмесе екен деп, алаңдап күн демей, түн демей алаңдап, мазалары қашқан әйелдердің жеңісі бұл. Жеңіс күні дейміз, осы жеңіс деген сөздің ішінде қаншама қайғы-қасырет жатыр десеңізші...
Біздің қазіргі таңдағы басты мақсатымыз, осы Жеңіс күні Отан үшін отқа түскен аталарымызды, соғыстан аман келіп, қазіргі таңда о дүниелік болып кеткен аталарымызды еске алып, олардың ерліктерін өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге айтып, оларға тағзым ету болып табылады. Өсіп келе жатқан бүлдіршіндер, жастар жағы, мектеп оқушылары барлығы да тарихқа енген осы бір тарихи сәттерді білулері өтең маңызды. Отанды қорғау, елді қорғау әрбір баланың парызы болуы керек...
Барлық Қазақстандықтарды осы келіп жеткен 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жеңіс күні барша Қазақстандықтарды қуанышы мен бақытына бөлей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел бірлігі мен ынтымағы жоғалмасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу