27.04.2023
  351


Автор: Әсерлі әңгімелер

Жындардың тойында ән салған қыз - 5 бөлім

Бар күш-жігерімді жинап сездірмеуге тырысып міз бақпай тұрдым. Бір кезде биші құрбымның бірі шыңғырып жылап жіберді де есінен танып қалды. Әлгі адамдар топырлап жанымызға жинала қалды.
- Оған не болды?
- Бұл қыздың осылай талып қалатын әдеті бар. Мән бермеңіздер. Мен оны бөлмеге алып барайын. Аздаған уақыттан соң есін жияды.
- Жарайды, аздап тынығып алыңдар.
Менен өзгелер оған не болғанын түсінбеді. Бөлмеге алып барып бетіне су бүркеп, түрткілеп жүріп әрең ояттым. Ол бірден есеңгіреп « оларды көрдің бе?» -деп шошығаннан дірілдеп әрең сөйледі.
- Тыныш, үндеме.
-Сендер нені көрдіңдер? Біз нені байқамадық?
—Жәй, ештеңе емес.
- Жо-жоқ, бәріміз ақылдаспасақ бұл жерден тірі шыға алмаймыз. Олар адам емес.
- Адам емес дегенің қалай?
- Олардың аяқтары адамдікіндей емес. Жануарлардікіндей тұяқ.
- Не?
- Енді не істейміз?
- Олар бізді жібере қоймасы анық.
- Демек олар жындар болғаны ғой.
- Жын, дейсің бе? Біз жаңа жолда мешіт көрдік иә?
- Иә, мешіттің жанынан өттік.
- Олай болса тура екі сағаттан соң азан шақырады. Егер расында да олар жын болса азан шақырған сәтте олар жер бетін тәрк етеді. Міне сол сәтте біз қаша аламыз.
- Оған дейін еш бірің үндемей, сездірмей әрқайсысың өз жұмысыңды орындаңдар.
Продюсер айтқандай мен ән айтып, қыздар биін, жігіттер музыкасын тоқтатпады. Неше ән айтқаным есімде жоқ. Бір сәтте биші құрбымның бірі шыдай алмай шыңғырып жіберді. Олар топ-топ болып бізге қарай келе жатты. Біткен жеріміз сол болар деп едік. Бір сәтте ең жағымды әуен, азан айтыла бастады. Міне сол сәтте әлгілер қи шулап бірден жоқ болып кетті. Сол сәтте көзімізге ештеңе көрінбей тек аман қалуды ойлап бәріміз көлікке мініп қаша жөнелдік. Біраз жер жүрген соң алдымыздан бір қарт кісі шықты. Қолын бұлған көлікті тоқтатты.
- Әй шырақтарым сонша жүйіткіп қайдан келесіңдер? Бұл жақта не істеп жүрсіңдер?
- Бізді тойға ән айтуға шақырып еді.
- Кімнің үйінен қайттыңдар? Ешкім той істегенін естімеген едім.
- Осы көшенің ең соңындағы үйден келеміз.
- Қой балам, қателесіп тұрған жоқсың ба?
- Жоқ, сол үйден келеміз.
- Ол үйдің қараусыз жатқанына қаншама жыл болды.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу